Фото: Gov.kz
Қазақстандықтар сәуір айынан бастап мерзімі өткен жүргізуші куәлігін eGov.kz порталы және eGov Mobile мобильді қосымшасы арқылы онлайн ауыстыра алады. Бұл туралы ЖИ және цифрлық даму министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Бұған дейін қызмет тек қолданыстағы құжат болған жағдайда, сондай-ақ оны жоғалту, ұрлау немесе тегі, аты-жөнін өзгерту кезінде ғана онлайн көрсетілетін. Енді қызмет мерзімі өткен құжаттарды да қамтиды.
eGov.kz порталы арқылы қызметті алу үшін:
▫️порталға кіріп, «Азаматтарға» - «Көлік және коммуникациялар» - «Автомобиль көлігі» бөліміне өту;
▫️«Жүргізуші куәлігін алу» қызметін таңдау;
▫️ дайын құжатты алу үшін ХҚКО-ны көрсету, фотосуретті жүктеу;
▫️ қолтаңба үлгісін және байланыс телефонын енгізу;
▫️мемлекеттік баж салығын төлеу (1,25 АЕК);
▫️ өтінімді қолжетімді тәсілдердің бірімен растау.
Қайта өтінім берген жағдайда «Бұрын төленген» функциясын пайдалануға болады.
eGov Mobile қосымшасы арқылы:
▫️«eGov Мемлекеттік қызметтер» - «Жүргізу және көлік» бөліміне өту;
▫️ «Жүргізуші куәлігін беру» қызметін таңдау;
▫️фотосуретті жүктеу және қолтаңба үлгісін енгізу;
▫️ ХҚКО бөлімін таңдау;
▫️ мемлекеттік баж салығын төлеу (1,25 АЕК);
▫️ өтінімді қол қою.
Қызмет нәтижесі eGov.kz порталындағы Жеке кабинеттегі «Хабарламалар» бөлімінде және eGov Mobile қосымшасындағы «Жеке кабинет тарихы» бөлімінде көрсетіледі.
Дайын құжатты өтінімде көрсетілген ХҚКО-дан жеке куәлікті ұсыну арқылы алуға болады. Фотосуретті жүктеу кезінде белгіленген талаптарды сақтау қажет. Толық талаптар тізімімен eGov.kz порталындағы қызмет паспортынан танысуға болады.
