26 ақп, 2026 сағат 10:34

Ұлытау облысында көпбалалы аналарға 20 мың теңгеден беріледі

Фото: ашық дереккөз

8 наурыз мерекесі қарсаңында Ұлытау облысындағы көпбалалы аналарға біржолғы әлеуметтік көмек көрсетіледі. Атап айтқанда, «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен марапатталған, «Батыр ана» атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен марапатталған әйелдерге 20 000 теңге мөлшерінде төлем беріледі, деп хабарлайды Ult.kz.

Әкімдік мәліметінше, юүгінде бұл санатқа жататын аналардың саны 9 375-ті құрайды. Осы мақсатқа жалпы 187 500 000 теңге бағытталып отыр.

Қазіргі таңда Ұлытау облысында қыз-келіншектер мен әйелдер саны 110 928 адамды құрайды, бұл – облыс халқының 50,7 пайызы.