06 ақп, 2024 сағат 13:46

Миллион тонна балық контрабандалық жолмен шетелге шығарылған

Фото агенттіктің facebook парақшасынан

Қазақстандық кәсіпкер Еуроодақ елдеріне көксерке сүбесін контрабандалық жолмен тасымалдаған, деп хабарлайды «Ұлт ақпарат» Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап.

Ол балықты Алматы облысының су қоймаларынан аулап, ілеспе құжаттарда оның нақты қайдан алынғаны туралы деректі өзгерткен. Бар болғаны бір жыл ішінде осы схема бойынша Еуроодаққа бір миллион тоннадан астам балық шығарылған, деп хабарлады қаржы мониторингі агенттігінің тергеушілері.

"2022 жылдың шілдесі мен 2023 жылдың сәуірі аралығында заңды тұлға Еуроодақ елдеріне 1135 тоннадан астам көксерке сүбесін экспорттағаны анықталды", - делінген ведомство хабарламасында.

Жалған ветеринарлық сертификаттарда алматылық көксерке Қырғызстаннан ауланған деп көрсетілген. Мұны экспортқа рұқсат алу үшін бір жылға жуық пайдаланған, деп хабарлады ведомстводағылар. Алайда балықты жергілікті су қоймаларында рұқсат құжаттарынсыз аулаған.

"Тергеу барысында жалпы салмағы 125 тонна балық өнімдерін экспортқа жөнелтудің жолы кесілді", - деп бөлісті қаржы мониторингі агенттігінің өкілдері.

Тергеу жалғасып жатыр.