15 сәу, 2024 сағат 16:33

"Ол адам өлтірді": Байжанов Бишімбаевты ашық айыптады

Видеодан кадр: youtube.com/@SupcourtRK

Экс-минимстр Қуандық Бишімбаевқа қатысты өтіп жатқан сотта екінші айыпталушы Бақытжан  Байжанов Бишімбаевты ашық айыптап, эмоцияға берілді деп хабарлайды "Ұлт Ақпарат".

"Ол адам өлтірді. Ол уақытта мүлдем басқа Бишімбаев болған, ал қазір мүлдем басқа Бишімбаев тұр. Ол кезде жылап, "Бақытжан мен адам өлтірдім. Қолыммен істегенді мойныммен көтеремін, баламның, әке-шешемнің бетіне қалай қараймын?! Өлемін" деп өкінді. Ондай сөздерді көп айтты", -деді Бақытжан Байжанов  15 сәуірде өткен кезекті сот отырысында.