07 нау, 2025 сағат 12:43

Оңтүстік Кореяға виза жасап беремін деп алдаған: қазақстандық 6 жылға сотталды


Фото: depositphotos.com/sepavone


92 миллион теңгеге азаматтарды алдаған алаяқ сотталды, - деп хабарлайды Ult.kz Tengritravel.kz-ке сілтеме жасап.


Түркістан облысында алаяқ 2023-2024 жылдар аралығында 23 жәбірленушіні Оңтүстік Корея мемлекетіне еңбек қызметін жүзеге асыру үшін жұмыс визасын жасап беремін деп алдау арқылы 92 020 000 теңге жымқырған.

Сот барысында мемлекеттік айыптаушы сотталушының кінәсін толық дәлелдеді.

Өз кезегінде алаяқ 6 жыл мерзімге бас бостандығынан айырылды, сондай-ақ 23 жәбірленушілердің азаматтық талап қоюлары қанағаттандырылды.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.