28 сәу, 2024 сағат 12:10

Оралда бастауыш сынып мұғалімін өлтірген күдікті ұсталды

Фото: mgorod.kz

Оралда полицейлер бастауыш сынып мұғалімін өлтірді деген күдіктіні дереу ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Батыс Қазақстан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

25 сәуірде жүргізілген жедел-іздестіру шараларының барысында ер адам анықталып, ұсталды. Күдікті бұрын сотталған Орал тұрғыны болып шықты.

"Қазіргі уақытта күдікті соттың санкциясымен қамауда отыр, тергеу мүддесі үшін басқа мәліметтер жарияланбайды", - делінген ведомство хабарламасында.


Еске салайық, 25 сәуірде Оралда бастауыш сынып мұғалімі Надежда Никитинаны өз пәтерінде өлтіріп кеткен. 1964 жылы туған мұғалімнің мәйіті оның тұрғылықты жерінен табылды, онда зорлық-зомбылық белгілері болған. Надежда Никитина 35 жыл бір мектепте жұмыс істеген.