Фото: polisia.kz
Орал қаласында полицияға дүкендерінің бірінен кассадағы ақшаның ұрлануы бойынша арыз түскен. Күдікті ақшаның ашық жерде тұрғанын пайдаланып, үлкен сомадағы ақшаны ұрлап, оқиға орнынан бой тасалаған, деп хабарлайды Ult.kz.
Жедел-іздестіру шаралары барысында полиция қызметкерлері күдіктіні анықтап, ұстады. Ол дүкенде тағылымдамадан өтіп жатқан азамат болып шықты. Оның заңсыз әрекеттері бейнебақылау камераларына тіркелген.
Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Ұрлық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.
