16 сәу, 2024 сағат 17:14

«Өртеп жібергісі келген». Ақтауда әйел күйеуінің қолынан қаза тапты


Ақтауда 52 жастағы әйелді өлтірді деген күдікпен азаматтық некедегі күйеуі ұсталды.

Оқиға 16 сәуірге қараған түні болған. Өрт бойынша шақырту алған ТЖД қызметкерлері қызыл жалын тұтанған үйден әйел адамның денесін тапқан. Көршілердің айтуынша, күдікті әйелді өлтіріп, артынан пәтерге қасақана өрт қойған. Уақытында жеткен өрт сөндірушілер қызыл отты сөндірді.

Полиция департаменті осы жайтқа қатысты түсініктеме берді. Адам өлтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Тергеу мүддесі үшін басқа мәліметтер жарияланбайды.