17 қаң, 2024 сағат 16:16

Парламент палаталарының бірлескен отырысы өтеді

Фото: parlam.kz

Парламент палаталарының бірлескен отырысы өтетін күн белгілі болды, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат",

Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов Парламент Палаталарының бірлескен отырысын шақыру туралы Өкімге қол қойды.

"Қазақстан Республикасы Конституциясының 58-бабы 4-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Парламенті Палаталарының бірлескен отырысы 2024 жылғы 19 қаңтарда сағат 10.00-де Астана қаласында шақырылсын", – деп жазылған Өкім мәтінінде.