17 қар, 2023 сағат 12:22

Павлодар облысы тұрғынынан құны 2 миллиард болатын киік мүйізі тәркіленді

Фото: Атырау облысы ПД баспасөз қызметі

Павлодар облысының тұрғынынан құны 2 млрд теңге болатын киік мүйіздері табылды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Polisia.kz Telegram-арнасына сілтеме жасап.

ІІМ баспасөз қызметі мәліметінше, мүйіздерді облыстық ПД-ның ҰҚҚКБ мен ҰҚКД қызметкерлері тәркілеген.

Ұсталған Ақсу қаласының 49 жастағы тұрғынының гаражын тінту кезінде киік мүйіздері сақталған 8 жәшік табылған. Бұл ретте, Қызыл кітапқа енген жануардың жалпы салмағы 170 келіге жуық болатын 800-ге жуық мүйізі тәркіленген.

"Осы факті бойынша ҚР ҚК-нің 339-бабының 1-1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдіктіге қатысты келу туралы міндеттеме түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды. Бірқатар сараптама тағайындалды, соның ішінде биологиялық және трассологиялық. Ұсталғандардың мемлекетке келтірген зияны шамамен 2 млрд теңгені құрады", - деді Павлодар облысы ПД бастығы Василий Скляр.