31 қаң, 2024 сағат 15:21

Полиция адам ағзасын сатудың жолын кесті

Фото: Polisia.kz

Полиция адам ағзасын сатудың жолын кесті, – деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Polisia.kz порталына сілтеме жасап.

Қазақстандық өзінің бүйрегін 18 мың АҚШ долларына бағалап, кездейсоқ сатып алушыға интернет арқылы сатуға тырысқан.

"Автор желі қолданушыларына өз мүшесін сатуды ұсынды, ал алу операциясы туралы барлық келісімді қабылдаушы ұйымдастыруы керек еді.

Танымал әлеуметтік желідегі ерекше хабарландыруға Ақмола облысының ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері назар аударып, донормен байланысқа шықты. Бірнеше апта бойы полицейлер арнайы жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізді, нәтижесінде трансплантация жасау және ақша қаражатын беру туралы мәміле жасалды.

ҰҚҚКБ қызметкерлері күдіктіні Көкшетау қаласында ақша беру кезінде ұстады" - делінген хабарламада.

Алғашқы тергеу әрекеттері аясында полицейлер ер адамның Ақтөбе қаласының тумасы, бірақ елордада тұратынын анықтаған. Қатысушының өзі мұндай шарасыз қадам үшін ойынға тәуелділіктен жинақталған көптеген қарызға байланысты шешім қабылдағанын түсіндірген.

Бұл факті бойынша тергеу жүргізіліп жатыр.