12 ақп, 2024 сағат 14:53

Президент халыққа көмектескен бір топ азаматты марапаттайды

Фото: Ашық дереккөз

Мемлекет басшысы дәрігерлерге, құтқарушыларға, полиция қызметкерлері мен коммуналдық қызмет өкілдеріне алғыс айтты, деп хабарлайды «Ұлт ақпарат» Ақордаға сілтеме жасап.

 

«Жуырда еліміздің бірқатар өңірінде табиғат тосын мінез танытып, жағдай қиындаған кезде жергілікті атқарушы биліктің, Төтенше жағдайлар министрлігінің және құқық қорғау органдарының қызметкерлері, медицина мамандары, коммуналдық қызмет пен автомобиль жолдарының жұмысын қамтамасыз ету саласының өкілдері, сондай-ақ басқа да азаматтар халықтың қамы үшін жанқиярлықпен еңбек етті» делінген хабарламада.

 

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев олардың бәріне шын жүректен алғыс айтып, жылы лебізін білдірді. Еңбегі ерен бір топ азамат мемлекеттік наградаға ұсынылды.