21 ақп, 2025 сағат 17:03

Шымкентте 1 жылдың ішінде 23 мемлекеттік қызметкер сотталған

Фото: Pexels.com

Шымкентте бір жылдың ішінде 23 мемлекеттік қызметкер сыбайлас жемқорлық әрекеттері үшін сотталды, деп хабарлайды Ult.kz Qazaqstan.tv телеарнасына сілтеме жасап.

Олардың арасында қала әкімінің орынбасары, басқарма басшылары мен әкімдік аппаратында жұмыс істеген лауазымды қызметкерлер де бар.

Тергеу барысында олардың кінәсы толық дәлелденіп, алды 8 жарым жылға темір торға қамалса, соңғылары шартты жазаға кесілген. Қазынаға 584 миллилон теңге өндірілді.

Мамандардың сөзінше, мемлекеттік қызметкерлер арасында сыбайлас жемқорлық әрекеттері бұрынғы мерзімдермен салыстырғанда 35 пайызға дейін өскен. Салдарынан қазынаға 1,6 миллиард теңге шығын келген. Шенеуніктер оның 100 миллиондай теңгесін пара ретінде пайдаланған.

"Біздің сотта былтыр 3 іс қаралды. Оның негізгі бөлігі Шымкент қалалық әкімшілігінің қызметкерлеріне қатысты болды. Шымкент қаласының әкімі Исақовқа қатысты іс қаралды. Шымкент қаласы Еңбекші ауданы әкімінің орынбасары Тленшинге қатысты іс қаралды. Барлық іс аяқталып, кінәлілерге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды", - дейді Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы Самидин Темірәлиев.