14 ақп, 2024 сағат 18:50

Шымкентте адам өлтірген күдікті ұсталды


Фото: Видеодан кадр/polisia.kz


Шымкентте адам өлтірді деген күдікті «Қорғаудың» көмегімен ұсталды, деп хабарлайды ІІМ баспасөз қызметі.


Ведомство мәліметінше, аса ауыр қылмыс Алматы қаласының аумағында түнгі уақытта болған. Алматылық тәртіп сақшыларының нұсқауына сәйкес, күдікті қылмыс орнынан Hyundai Elantra-ны тізгіндеп ізін суытқан.

Автокөлікті «Қорғау» бағдарламасын пайдалана отырып, бейнебақылау камераларының мониторингі барысында Шымкент Полиция департаментінің ЖБО қызметкерлері анықтады. Көлік құралын ұстауға дереу патрульдік нарядтар бағытталды.


«Ер адам полиция қызметкерлеріне қарсылық көрсетуге тырысты. Алайда ұсталып, УҰИ-на қамауға алынды», - делінген хабарламада.