27 қаз, 2023 сағат 12:29

Шымкентте ер адамды ұрып өлтірді деген күдікті ұсталды

Фото: Polisia.kz

Шымкентте ер адамның өліміне қатысы бар күдікті ұсталды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомство мәліметінше, 26 қазанда Әл-Фараби АПБ-ға Тәуке хан көшесі бойында ер адамның мәйіті табылғаны туралы хабарлама түскен.

"Оқиға орнына жеткен жедел-тергеу тобы қайтыс болған азаматтың жеке басын анықтады. Ол 1969 жылы туған жергілікті тұрғын болып шықты.

Тексеру кезінде, екі ер адамның арасында туындаған жанжал барысында жәбірленуші басынан алған соққыдан көз жұмғаны анықталды.

Бұл дерек ҚР ҚК-нің 106-бабының 3-бөлігі "Абайсызда жәбірленушінің өліміне әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру" бойынша СДТБТ-ға тіркелді" - делінген хабарламада.

Қабылданған шаралардың нәтижесінде 42 жастағы күдікті ұсталып, қамауға алынған.

"Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр" - дейді ведомствоның баспасөз қызметі өкілдері.