02 сәу, 2024 сағат 12:11

Шымкентте есірткі таратумен айналысқан отбасы сотталды


Фото: Polisia.kz.


Шымкентте есірткі таратумен айналысқан отбасы сотталды, – деп хабарлайды «Ұлт ақпарат» Polisia.kz -ке сілтеме жасап.


Олар есірткіге тапсырысты интернет арқылы қабылдаған. Сатып алушыларға дозалық есірткі орамаларын дайындап, қала аумағында жасырын орындарға қалдырып жүрген. 


Жедел іс-шаралар кешенінің нәтижесінде полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері отбасының 3 мүшесі мен олардың 2 серіктесін анықтады. Тұрғылықты жерлерін тексеру кезінде есірткі заттары және оларды өлшеп-орауға арналған жабдықтар табылып, тәркіленді. 

Тергеу барысында полицейлер барлық дәлелдемелерді жинап, қылмыстық істі сотқа жолдады. 


Отбасының 22 жастағы ұлы, яғни қылмысты ұйымдастырушы сот үкімімен 18 жылға бас бостандығынан айырылды, қалған 4 кінәлі тұлғаның әрқайсысы 16 жылға сотталды.