29 сәу, 2024 сағат 09:20

СҚО-дағы тасжолда полицейді көлік қағып өлтірді


Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов


Солтүстік Қазақстан облысында Челябі-Новосибирск тасжолында 48 жастағы полицейді көлік қағып кетті. Жүргізуші оқиға орнынан қашып кетті, - деп хабарлайды «Ұлт ақпарат» Tengrinews.kz -ке сілтеме жасап.


Қызметкердің өлімі туралы ақпаратты облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі растады. Ведомство мәліметінше, бұл факт бойынша қылмыстық іс қозғалған.


"28 сәуірде республикалық маңызы бар Челябі-Новосибирск тасжолында 48 жастағы полиция қызметкерін көлік қағып кетіп, ол алған жарақатынан оқиға орнында қаза тапты. Қазіргі уақытта жүргізушіні анықтау мақсатында жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр. Қылмыстық іс қозғалды", - делінген хабарламада.