03 қаң, 2024 сағат 16:13

Сындарлы сұхбат

Фото: Ақорданың баспасөз қызметі

(Жатық тіл, оралымды ой, қарапайым толғам)

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың еліне етене жақын “Egemen Qazaqstan” газетіне - академик Дихан Қамзабекұлына берген сұхбатын мұқият оқып шықтық. Әртүрлі тақырыпты қаузаған ашық сұхбатта елді толғандырған мәселелер толыққанды қамтылыпты. Құрылымдық жағынан жинақы, айтылар ойы нақты, жатық тілмен жұртшылыққа жеткізілген мәлімделердің мәні маңызды екенін айтқанымыз абзал.   

Президент жанындағы Ұлттық құрылтайдың мүшесі ретінде маған Мемлекет басшының ұлттың жаңа сапасын қалыптастыру ісі, қоғамның құндылықтар жүйесін жаңғырту жайында айтқандары зор әсер етті.

“Біздің бұрын кім болғаны­мыз­дан қазір кім екеніміз, ең бастысы, болашақта кім болатынымыз әл­деқайда маңызды. Сондықтан қандай қиын­дықтан өткенімізді бағамдай­тын кезде ғана ауызбіршілік таныт­пай, баянды болашаққа да бірге қадам басуы­мыз қажет. Біз өткенді аң­саумен өмір сүр­меуіміз керек. Кері­сінше, келе­­ше­гі­мізді кемел етуге ұмтылып, ұлт­­тың ұлы­лығын нақты іспен дәлел­­деуге тиіспіз”- деп ел келешегі үшін айрықша маңызды мәселелерге тоқтала келіп, елімізде еңбекқорлық пен жасампаздық жоға­ры бағалануға, білімпаздық пен жа­ңа­­­шылдық салтанат құруға тиіс екендігін тілге тиек етті.

Үнемі жалпыұлттық құн­ды­лық­тарға мән беруді мәлімдеп жүрген Мемлекет басшысы, еңбек­қор­лық, білімпаздық, кәсібилік, бір­лік, ын­ты­мақ, жанашырлық, іскер­лік, баста­ма­шылдық, адалдық, қарапайым­дылық және үнемшілдік – нағыз отаншыл, адал азаматқа тән қасиеттер мен құн­ды­­лықтар құнын жоймайтынын тағы еске салды.

Мемлекетімізді бәсекелестікке қабілетті елге айналдыруда сапалы ұлт қалыптастыру маңызды екенін ұмытпайық. Жалпыұлттық құндылықтарымызды ұлықтайық!

Кәрімбек ҚҰРМАНӘЛИЕВ,

ҚР Президентінің жанындағы Ұлттық құрылтай мүшесі,

академик.