03 қар, 2023 сағат 12:45

Талдықорғанда ер адам жас қызға шабуылдап, тамағын кесіп жіберген


Талдықорғанда ер адам бұрынғы сүйіктісіне шабуыл жасап, тамағын кесіп жіберген, сондай-ақ қолына жарақат салған. Жантүршігерлік оқиға туралы дерек әлеуметтік желілерде пайда болды, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Тараған ақпаратқа сәйкес, оқиға 27 қазанда қаладағы сұлулық салондарының бірінде болған. 28 жастағы қызға бұрынғы жігіті шабуыл жасаған.

Оқиға бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Кадрлардан ер адамның қызды жерге құлатып, тұншықтырып жатқанын көруге болады. Осыдан кейін ол үстелден кеңсе пышағын алып, қызды жарақаттай бастайды. Пышақпен бірнеше соққы жасағаннан кейін ер адам оқиға орнынан кетіп қалады.

Айта кетейік, аталған азамат зардап шеккен қызды бұған дейін де ұрып-соққан, бірақ қыз кешіріп жүрген. Ал биыл қазанда Талдықорған қалалық соты ер адамға қызға жақындауға тыйым салған. Дегенмен бұл шаралар оны тоқтатпаған. Ол қызды аңдуын жалғастырған.

ІІМ баспасөз қызметінің мәліметінше, Талдықорған полицейлері қызға кеңсе пышағымен шабуыл жасаған күдіктіні ұстады.

"Жәбірленушінің 35 жастағы танысы қазіргі уақытта полицияға жеткізілді. 

Тергеуші істі ҚР ҚК 24-бабының 3-бөлігі, 99-бабының 2-бөлігі (адам өлтіруге оқталу) бойынша қайта дәрежелеп, прокурормен келісілді. Тергеуді облыстық полиция департаменті ерекше бақылауға алды" - делінген хабарламада.