17 сәу, 2024 сағат 17:24

Ұлтаралық араздықты қоздырғаны үшін қазақстандық продюсер сотқа тартылды


Instagram желісіндегі жазбасынан кейін танымал қазақстандық продюсер Дана Орманбаеваға қатысты қылмыстық іс қозғалды, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Алматы қаласының полиция департаментіне сілтеме жасап.

Продюсер Instagram желісіндегі парақшасында ұлтаралық араздықты қоздыру белгілері бар стористер жариялаған. Стористердің скриншотын бұған дейін Kozachkov offside Telegram-арнасы жариялады.  

Полицияның хабарлауынша, Алматы тұрғыны продюсердің үстінен арыз түсірген. Тұрғын өз шағымында блогердің ұлтаралық араздықты қоздыру белгілері бар қорқытулар мен қорлау сөздерін жариялағанын айтқан. Қалалық полиция департаменті факт бойынша қылмыстық іс қозғады. Басқа мәліметтер тергеу мүддесі үшін жарияланбайды.