
Жұмыс сапарымен Мәскеуде жүрген Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қызыл алаңда өткен Жеңіс парадына қатысты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Бұл жөнінде Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook парақшасында мәлімет таратты.
«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жеңістің 75 жылдығына орай Мәскеудегі Қызыл алаңда өткен әскери парадқа қатысып, «Белгісіз солдат» қабіріне гүл шоғын қойды» деп жазды Берік Уәли.




