Фото: ашық дереккөз
Абай облысындағы Орлов шахтасында екі жұмысшы зиянды газбен уланып, соның салдарынан біреуі қайтыс болды. Қайғылы оқиға 19 наурыз күні таңертең болған, деп хабарлайды Ult.kz.
«KAZ Minerals» тобының баспасөз қызметі хабарлағандай, зардап шеккен екінші жұмысшы қазіргі уақытта ауруханада медициналық көмек алуда. Ал қаза тапқан кенші ауруханаға бара жатқан жолда жан тапсырған. Компания басшылығы марқұмның жақындарына қажетті көмек көрсетілетініне уәде берді.
Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы мен себептері анықталып жатыр. Жағдайдың күрделілігіне байланысты «KAZ Minerals» тобының басқарма төрағасы Андрей Третьяков тергеу амалдарына жеке қатысу үшін Орлов шахтасына арнайы аттанды.
