17 қаң, 2024 сағат 11:13

Тоқаев Қауіпсіздік кеңесі бөлімінің меңгерушісін тағайындады

Марат Аймашев. Фото: ҚР Қорғаныс министрлігі

Марат Аймашев Қауіпсіздік кеңесінің Әскери қауіпсіздік және қорғаныс бөлімінің меңгерушісі қызметіне тағайындалды, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Мемлекет басшысының өкімі бойынша, Марат Мақсұтұлы Аймашев Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Әскери қауіпсіздік және қорғаныс бөлімінің меңгерушісі лауазымына тағайындалды", - делінген Өкім мәтінінде.