16 мау, 2020 сағат 08:05

Тұрғындарының күнкөріс деңгейі төмен өңірлер анықталды

2020 жылдың І-тоқсанында табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен халықтың үлесі 4 пайызды құрады. Мұндай деректі ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті жариялады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Ведомство мәліметінше, үй шаруашылықтарын іріктемелі зерттеу бойынша табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен халықтың үлесі (кедейлік деңгейі) 2020 жылғы I-тоқсанда 4 пайызды құрады. Бұл өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 0,1 пайыздық тармаққа төмен. 

2020 жылғы I тоқсанда кедейлік деңгейінің ең үлкен мәні Түркістан (9,8%), Маңғыстау (5,8%) және Жамбыл (5,2%) облыстарында байқалды. Ал ең төмені – Нұр-Сұлтан қаласында (1,1%) тіркелді. 

«Децильдік бөлудегі үй шаруашылықтарының шығыстары табыстар сияқты айтарлықтай саралануды көрсетеді. Сонымен, 2020 жылғы I-тоқсанда азық-түлік тауарларына жұмсаған шығыстар деңгейіндегі 10 пайыз ең аз және 10 пайыз ең көп қамтамасыз етілген халықтың арасындағы айырмашылық 5 есені, азық-түлік емес тауарларға – 8 есені, ал ақылы көрсетілетін қызметтерге – 5,6 есені құрады « , - деді комитеттен.