08 сәу, 2024 сағат 16:09

ҰҚК Алматы әуежайында шетелдік азаматты ұстады


Фото: ҰҚК баспасөз қызметі


Ұлттық қауіпсіздік комитеті шетелдік азаматтан жалған төлқұжат табылғаны туралы хабарлады, - деп хабарлайды «Ұлт ақпарат» ҰҚК сілтеме жасап.


4 сәуірде Алматы халықаралық әуежайында Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің әскери қызметкерлері паспорттық бақылау кезінде Бразилия азаматының жалған төлқұжатын көрсеткен шетелдікті ұстады.


"Аталған азаматты жеке тінту барысында аяқ киімнің табанына жасырылған төлқұжат табылып, тәркіленді, нәтижесінде шетел азаматы елден шығарылды", - деп хабарлады ҰҚК.