05 жел, 2023 сағат 10:45

Үлескерлердің 400 миллион теңгесін қолды қылған компания басшысы ұсталды

Фото: freepik.com

Ақтауда "Атамекен" тұрғын үй кешені аяқталмаған объектісі салымшыларының сеніп тапсырылған ақшалай қаражатын иемдену және талан-таражға салу фактісі бойынша "Багис" ЖШС басшылығына қатысты қылмыстық істі тергеу жалғасып жатыр, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Қаржылық мониторинг агенттігіне сілтеме жасап.

"Тергеу барысында ЖШС директоры 2017 жылдың наурызы мен 2022 жылдың қыркүйегі аралығында тұрғын үй кешені құрылысын аяқтаймын деген желеумен 119 үлескердің ірі көлемде 400 млн теңгеге жуық ақшалай қаражатын иемдегені анықталды.

ЖШС басшысына қатысты "қамауда ұстау" түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланды.

Қазіргі уақытта қылмыстық іс бойынша тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Қосымша сот сараптамаларын жүргізу күтілуде, оның нәтижелері бойынша күдіктінің іс-әрекеттеріне түпкілікті құқықтық баға беріледі" - делінген хабарламада.

ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабының талаптарына сәйкес тергеу мүддесінде өзге ақпарат жария етілуге жатпайды.