16 сәу, 2024 сағат 13:54

"Ұлымның конституциялық құқықтары бұзылады": Бишімбаевтың анасы сотта алғаш рет сөз сөйледі

Фото: Голос народа

Астанада экс-министр Қуандық Бишімбаевтың үстінен қозғалып жатқан сот процессі жалғасып жатыр. Бүгін сотталушының анасы Альмира Нұрлыбекова алғаш рет сотта сөз сөйледі, деп хабарлайды "Ұлт Ақпарат".


Сот отырысы барысында айыптаушы тарап сотталушы Қуандық Бишімбаевтың адвокаттары тартқан Ресейден келген мамандардың қорытындысын жол берілмейтін дәлел деп тану туралы өтініш білдірді.

Өтінішті Бишімбаевтың анасы Альмира Нұрлыбекова жариялады:

"Мен қазір тыңдап отырмын. Әрине, заңгер емеспін, бірақ менің ойымша, егер сіз біздің мәскеулік маманның қорытындысын қабылдамасаңыз, онда менің ұлымның конституциялық құқықтары бұзылады. Ол өзін қорғауы керек және оны қорғау үшін өз дәлелдерін беруі керек деп санаймын. Сондықтан соттан, прокурорлардан, жәбірленушілерден мені ана ретінде түсінуін сұраймын", - деді сотталушының анасы.