30 сәу, 2024 сағат 09:20

Жамбыл облысында 105 млн теңге бюджет қаржысын жымқырғандар ұсталды


Фото: almaty.tv


Жамбыл облысында агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде бөлінген қаражатты жымқыру фактісі анықталды, деп хабарлайды «Ұлт ақпарат» Рысқұлов ауданының прокуратурасына сілтеме жасап. 


Облыстың екі тұрғыны 108 шаруаның атынан құжаттарды қолдан жасап, ауыл шаруашылығы техникасын сатып алу шығыстарын субсидиялауға бөлінген 105,3 млн теңгені заңсыз алғаны анықталды.


30 наурызда аудан прокуратурасы алаяқтық фактісі бойынша ҚК-тің 190-бабының 4-бөлігінің 2-тармағымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру ісін тіркеді.


Қылмыстық істі тергеу облыстық Экономикалық тергеп-терсеру департаментіне жүктелді. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде.


ҚПК-нің 201-бабы негізінде өзге ақпарат жариялауға жатпайды.