22 ақп, 2024 сағат 10:41

Көмірге бөлінген қаржыны жымқырғаны үшін кәсіпорын басшысы 7 жылға сотталды

Сурет: Freepik

Жетісу облысында кәсіпорынның бұрынғы директоры мемлекеттік субсидияларды жымқырғаны үшін сотталды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" жергілікті прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

«Сот үкімімен «Алакөлжылу» ШЖҚ МКК бұрынғы директоры 100 млн теңгеден астам бюджет қаражатын жымқырғаны үшін 7 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды» - делінген хабарламада.


Прокуратураның мәліметінше, сотты болған экс басшы көмірді сатып алуға бөлінген қаражатты өзге коммуналдық кәсіпорын басшысымен бірлесіп, аффилиирленген компания арқылы рәсімдеген. 

Аталған факт арнайы прокурорлардың тексерісі нәтижесінде анықталып, тергеп-тексерілді.

Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.