11 қар, 2016 сағат 08:43

Жиналыста ұйқымен арпалысып отырған Ақтөбе әкімінің видеосы жарияланды

Ақтөбе қаласының əкімі Ильяс Испанов #красавчик #ақтөбе (видеоны əріптестерден алдым)

Видео опубликовано Асқар Ақтілеу (@askar_aktobe)

- 10 қараша күні Instagram желісінде Ақтөбе әкімі Ілияс Испановтың видеосы пайда болды. Жаңа агроөндіріс кешенін дамыту бағдарламасын түсіндіру үшін Ақтөбеге арнайы келген министр Асқар Мырзахметовтың қатысуымен өткен жиналыста қала басшысы қалғып-мүлгіп, ұйқысын жеңуге барынша тырысады, деп хабарлады «Мой город» порталы.

Пікір білдірушілер қала басшысын сөкпей, керісінше аяушылық білдірді.

Сол күні Ілияс Испанов үшін табысты болды. Министрмен кездесуден бөлек, ол «Нұр Отан» партиясының отырысына қатысып, партияның Ақтөбе қалалық филиалының саяси кеңес төрағасы болып сайланды.