20 ақп, 2026 сағат 10:38

Ақтөбе облысында жас мұғалімнің мәйіті табылды


Фото: polisia.kz
Темір ауданына қарасты Еңбекші ауылында 2002 жылы туған мұғалімнің мәйіті табылды, деп хабарлайды Ult.kz.

Ол үй ауласындағы шаруашылық құрылыс нысанынан табылды.

Педагог сабаққа келмеген соң әріптестері алаңдаушылық білдіріп, оның үйіне барған. Сол жерде мұғалімнің денесін тапқан. Жас маман ағасымен бірге тұрған, ата-анасы Ақтөбе қаласында тұрады.

Марқұм тарих пәнінен сабақ бергені белгілі. 2025 жылдың ақпан айынан бастап Еңбекші ауылының мектеп-балабақшасында жұмыс істеген.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, оқиғаның мән-жайы анықталуда. Алдын ала мәлімет бойынша, суицид нұсқасы қарастырылып жатыр. Мұғалім үйленбеген, ауыл мектебінде бір жылға жетпейтін уақыт еңбек еткен.