23 жел, 2025 сағат 15:49

Алматының бұрынғы әкімі "Самұрық-Қазына" директорлар кеңесінің құрамына енді


Фото: akorda.kz

Алматы қаласының бұрынғы әкімі, Президент Әкімшілігі басшысының орынбасары Ерболат Досаев "Самұрық-Қазына" АҚ Директорлар кеңесінің құрамына енді. Бұл туралы компанияның баспасөз қызметі хабарлады. 

"Президент Әкімшілігі басшысының орынбасары Досаев Ерболат Асқарұлы "Самұрық-Қазына" АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі болып сайланды", – делінген "Самұрық-Қазына" АҚ таратқан ақпаратта.

Бүгінде "Самұрық-Қазына" АҚ директорлар кеңесінің 8 мүшесі бар. Оның 4-уі – тәуелсіз директор.