06 ақп, 2026 сағат 11:39

Астанада екінші ауысымда оқитын оқушылар онлайн оқитын болды


Фото: Астана әкімдігі
Астанада екінші ауысымда оқитын оқушылар онлайн оқитын болды. Бұл туралы қаланың білім басқармасы мәлімдеді, деп хабарлайды Ult.kz.

"2026 жылғы 6 ақпан күні ауа райының қолайсыздығына байланысты екінші ауысымның 0-9 сынып оқушылары қашықтан оқыту форматына ауыстырылады", - делінген хабарламада.

Айта кетейік, кеше Астанада түнде жауған жаңбырдың салдарынан көктайғақ болып, бүгін бірінші ауысымда оқитын оқушылар да қашықтан оқыту форматына көшірілген.