06 ақп, 2026 сағат 12:20

Семейде қоқыс контейнерінен жаңа туған сәбидің мәйіті табылды

Фото: Freepik.com

3 ақпан Семей қаласында қоқыс контейнерінің ішінен жаңа туған қыз баланың мәйіті табылды, деп хабарлайды Ult.kz.

Алғашқы іс-шаралар барысында үй жағдайында босанған 20 жастағы қыз анықталды. Оның айтуынша, сәби өлі туған. Сондай-ақ сотқа дейінгі тергеу барысында нәрестенің мәйітін қоқыс контейнеріне тастаған қала тұрғыны анықталды.

Аталған факт бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 100-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қазіргі таңда істің мән-жайы анықталып, қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде.