22 ақп, 2026 сағат 13:34

Геннадий Головкин Джеки Чанға шапан жапты


Фото: Головкиннің Instagram парақшасынан


Ұлттық Олимпиада комитетінің төрағасы Геннадий Головкин Италияда өтіп жатқан XXV қысқы Олимпиада ойындары аясында Джеки Чанмен кездесті, деп хабарлайды Ult.kz.


Геннадий Головкин танымал актермен әңгімелесіп, құрмет ретінде оған қазақтың ұлттық шапанын жауып, тақия сыйға тартты.


– Біздің дәуірдің аңызы – Джеки Чанмен кездесу, – деп жазды ол Instagram парақшасында.