Фото: Polisia.kz
Өскемен — Семей тасжолының 25-шақырымында қолайсыз ауа райы салдарынан DAF XF маркалы жүк көлігі жолдан шығып кетті, деп хабарлайды Ult.kz. Оқиға жол жабынының жағдайын ескермеудің салдарынан болған, деп хабарлайды Ult.kz.
Оқиға орнына жедел жеткен патрульдік полиция батальонының қызметкерлері жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, жүргізушіге қажетті көмек көрсетті. Жағдайды тұрақтандыру үшін волонтерлер тартылып, жүктің бір бөлігін түсіруге көмектесті.
Жүк көлігі арнайы техниканың көмегімен қауіпсіз аймаққа шығарылды. Ал Төтенше жағдайлар қызметі жүргізушінің түнгі уақытта қауіпсіз әрі жылы жерде болуын қамтамасыз ету үшін арнайы жылыту бекетін орнатты.
Полиция қыс мезгілінде, әсіресе қала сыртындағы тасжолдарда жүргізушілерді ауа райы мен жол жағдайын мұқият ескеруге шақырады.
