23 қаң, 2026 сағат 11:41

Жасанды интеллект саласында кадрлар даярлау үшін 12 шетелдік жоғары оқу орны тартылды

Фото: ашық дереккөз

Жасанды интеллект саласында кадрлар даярлауға 12 шетелдік жоғары оқу орны қатысады, деп хабарлайды Ult.kz.

ҚР ғылым және жоғары білім вице-министрі Гүлзат Көбенованың айтуынша, Сеул техникалық университетімен бірлесіп Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті базасында ЖИ және информатика жоғары мектебі ашылды. Сондай-ақ Қ.Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ базасында City University of Hong Kong филиалы жасанды интеллект бойынша қос дипломды бағдарламалар іске қосылды. Бұдан басқа да бірлескен жобалар жүзеге асырылып жатыр.

«Қазақстанда үш «Лу Бань шеберханасы» құрылуда. Біріншісі Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті базасында ашылды. Екіншісі Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті базасында, үшіншісі М.Тынышпаев атындағы Логистика және көлік академиясы базасында құрылуда», - деді спикер ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында.