Фото: AP
АҚШ пен Украина президенттері Дональд Трамп пен Владимир Зеленский Флоридада жүздесті, деп хабарлайды Ult.kz.
Үш сағаттық келіссөздерден кейін Ресеймен бейбітшілікке қол жеткізу жолында басты мәселе әлі де шешілген жоқ. Ресей басшысы Владимир Путин Донбасты талап етіп отыр, ал Зеленский бұған қарсы. Трамптың сөзінше, мәміле жасалуы керек.
Кездесу Дональд Трамптың Мар-а-Лаго жеке резиденциясында өтті. Ақ үй басшысының айтуынша, бейбіт келісімге қол жеткізетін күн алыс емес. Тараптар шарттардың шамамен 95%-ына келісім берген.
Келіссөздерден кейін Зеленский Украина үшін тұрақты бейбітшілікке қол жеткізудің негізгі кезеңі елдің қауіпсіздігіне кепілдік беру екенін айтты. Украин делегациясы бұл тармақ бойынша еуропалық саясаткерлермен жұмысын жалғастырмақ.
