08 қаң, 2021 сағат 14:38

10 қаңтарда елордалықтар қоғамдық көлікпен тегін қатынай алады

Елордада 10 қаңтарда автобустар жолаушыларды тегін тасымалдайды. Бұл туралы City Transportation Systems компаниясынан мәлім етті, деп хабарлайды «Ұлт ақпарат».

«10 қаңтарда Нұр-Сұлтан қаласының қоғамдық көлігі қалыпты жұмыс істейді. Бұл күні қалада қатынайтын бағыттарда жол жүру тегін болады. Автобустар әдеттегідей таңғы сағат 6.00-ден 23.00-ге дейін жүреді», - делінген таратылған ақпаратта.

Таратылған мәліметке сәйкес, 11 қаңтарда қоғамдық көлік жұмысын жалғастырады. Төлем қолма-қол ақшасыз жасалады.

«Бетперде тағу режимін сақтау туралы естеріңізге саламыз. Автобустарға бетпердесіз кіруге болмайды», - деп атап өтеді CTS компаниясы.