22 нау, 2026 сағат 12:39

Жезқазғанда 7 жасар бала мен егде жастағы ер адам құтқарылды


Фото: @qr_tjm


Жезқазғанда ТЖМ-нің санитарлық рейсі 7 жасар бала мен 73 жастағы пациенттерді шұғыл тасымалдады, деп хабарлайды Ult.kz.


Бұл туралы ведомствоның Telegram-арнасында хабарланды.


ТЖМ санитарлық авиациясы 7 жастағы бала мен 1953 жылы туған ер адамды тасымалдау үшін Жезқазған - Қаражал - Жезқазған бағыты бойынша әуе кемесімен ұшып шықты.


"Шұғыл ұшу қажетті медициналық көмек көрсету және науқастарды бейінді медициналық мекемеге жедел жеткізу үшін ұйымдастырылды. "Қазавиақұтқару" ұшқыштарының кәсібилігінің және медицина мамандарының үйлесімді жұмысының арқасында тасымалдау сәтті өтті. Науқастар дер кезінде медициналық мекемеге жеткізілді және одан әрі емделу үшін дәрігерлерге берілді", - делінген хабарламада.