19 ақп, 2021 сағат 09:48

2021 жылы республикалық бюджет тапшылығы қалай қаржыландырылады?

ҚР Қаржы министрлігінің алқа мәжілісінде ведомство басшысы Ерұлан Жамаубаев 2021 жылы республикалық бюджет тапшылығы қандай жолмен қаржыландырылатынын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Биыл ЖІӨ-ге шаққанда республикалық бюджеттің тапшылығы 3,4 пайызды құрады. Оны қаржыландыру мемлекеттік құнды қағаздар шығару жолымен ішкі қор нарығы қаражаты есебінен жоспарланып отыр», - министр.

Осы орайда ол нарықтың шектеулі ресурстарын ескере отырып, сырттан қарыз тарту мүмкіндігін айтты.

«Сонымен қатар «Астана» Халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) биржасында мемлекеттік бағалы қағаздар шығару бойынша орта мерзімдегі бағдарлама әзірленеді. Бұл өз кезегінде ішкі нарыққа халықаралық инвесторларды тартуға мүмкіндік береді және АХҚО биржасын ары қарай дамытуды қолдайды», - деді ведомство басшысы. 

Оның айтуынша, қолайлы талаптармен бюджет тапшылығын қаржыландыру уақтылы қамтамасыз етіледі. 

«Мемлекеттік қарызды қауіпсіз деңгейде ұстау біздің стратегияның басымдықты бағыттарының бірі»,- деді Е. Жамаубаев.