21 жел, 2022 сағат 13:24

2023 жылдан бастап шенеуніктердің мобильді аударымдарын тексеру қалай жүргізіледі?

Сурет: gov.kz

Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің басшысы Данияр Жаналинов азаматтардың мобильді аударымдарын тексеру қалай жұмыс істейтінін және 2023 жылдан бастап салық органдарына аударымдар туралы қандай ақпарат түсе бастайтынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz порталы.

"Біз мобильді аударымдар туралы ақпаратты заңнамада белгіленген нормаларға сәйкес аламыз. Бұл жеке тұлғалар арасындағы мобильді аударымдардың бәрі емес. Белгілі бір критерийлер бар - айына 100 және одан да көп аударымдар. Бұл жағдай үш ай қатарынан қайталануы керек. Сонда бұл ақпарат бізге келе бастайды. Бұл шарттарсыз аударымдар туралы ақпарат ешқандай жолмен алынбайды", - деді Жаналинов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте журналистер сұрағына жауап беріп.

Ақпарат кезең-кезеңімен түсе бастайды.

"Бірінші кезең, 2023 жылдан бастап – мемлекеттік қызметші саналатын жеке тұлғаларға қатысты, оларға теңестірілген және олардың жұбайына немесе жұбайларына қатысты. Екінші кезең, 2024 жылдан бастап, квазимемлекеттік сектордың қызметкерлері. Ал үшінші кезең, 2024 жылдан бастап – жеке кәсіпкерлер. Соңғы кезең 2025 жылы аяқталады - аударымдарды жүзеге асыратын барлық азамат үшін. Мемлекеттік қызметкерлер үшін жұмыс 2023 жылы басталатындықтан, бұл ақпарат әлі жоқ", - деп түсіндірді ол.