23 ақп, 2024 сағат 14:49

2024 жылғы қазақстандық қаржылық технология қандай болмақ?


Фото: egemen.kz


Бүгінде қаржылық технология маңызды рөлге ие болып отыр. Ult.kz порталы «осы саладағы трендтер қандай болмақ?», «жасанды интеллектті іс жүзінде қолдану саланы өзгерте ме?» деген сияқты өзекті сұрақтардың жауабын іздеп көрді.


Өткен жылы қазақстандық банктер монолитті жүйелерден микросервистерге көшіп, мобильді қосымшаларды жақсартуға белсенді инвестиция салды. Маңызды оқиға шағын және орта бизнеске арналған цифрлық банктің іске қосылуы болса, банктер физикалық филиалдарының санын қысқарта отырып, цифрлық жүйеге белсенді түрде көшуді бастады.


Қаржыгер Дәулет Нұрланның айтуынша, бұрын жеке мобильді қосымшалары болмаған банктерде цифрландыру үрдісі байқалады. Сондай-ақ өткен жылы Банкинг ретінде қызмет көрсету (BAAS) технологиясының танымалдылығының артуы байқалған.


«Ашық банктік үрдіс қарқын алып жатыр. Қараша айында Ұлттық банк цифрлық теңге аясында цифрлық картаны таныстырды, ал ашық банкинг аясында шоттарды біріктіру арқылы кейс таныстырылды. 2024 жылы ашық банкинг пилоттық қызмет көрсету шеңберінен шығып, тұтынушылар банктік қызметтерді пайдаланудың жаңа тәжірибесіне ие болады деп ойлаймын. Айта кетейін, Қазақстанның инвестициялық сегментінде айтарлықтай өзгерістер болған жоқ», – дейді қаржыгер Дәулет Нұрлан.


Сонымен қатар, биыл Apple Pay, Google Pay, Samsung Pay қызметтері арқылы токенизацияланған төлемдер үлесінің өсуі байқалады. Яғни, мүмкіндігінше жылдам төлеуге болатын жерде: саусақ ізі, FaceID немесе екі түймені басу (Visa Қазақстанда Apple Pay және Google Pay қызметтерінің пайда болуына негіз болған Visa Token Service токенизация қызметін іске қосты, яғни сандық бизнес).


Маманның айтуынша, өткен жылғы қаржылық технологияны бағалайтын болсақ, Қазақстан халықаралық трендтерге сәйкес келе жатыр. Ал биыл банктердің назары шағын және орта бизнеске – несиелеуге, факторингке, қаржылық емес қызметтерді дамытуға бағытталатыны болжанған. Маманның пікірінше, алдағы бес жылда жасанды интеллектінің белсенді дамуын көреміз. Бірте-бірте AI әртүрлі салаларға енгізілетін болады. Мысалы, көптеген банктер клиенттерге қызмет көрсетуді жақсарту және байланыс орталықтарына жүктемені азайту үшін AI-мен жұмыс істейтін дауыстық көмекшілердің күшін қазірдің өзінде зерттеп жатыр.

 

Еліміз қазір Орталық Азиядағы AI саласындағы инновациялар саны бойынша көшбасшы болып отыр, сонымен қатар, жасанды интеллект негізіндегі технологияларды дамыту мемлекеттік деңгейде басымдық берілген.

Сонымен қаржы мамандары алдағы екі жыл қаржылық технология үшін түбегейлі өзгерістер уақыты болады деп есептейді.


«Баршаңызға белгілі, өткен пандемия электрондық коммерция мен қаржылық технологияның өсуіне үлкен серпін болды. Қазақстанда қазірдің өзінде қажетті инфрақұрылым – Интернет, банктер, электрондық коммерция платформалары, төлем технологиялары тез жолға қоя алдық. Алдағы бірнеше жыл қаржылық технологиялар жобалары үшін мүмкіндіктер терезесі болады. Кейбір жаңа форматтар мен шешімдер жаһандық деңгейде немесе белгілі бір аймақтың нарығында басым болады. Қазір бүкіл әлем бойынша қаржылық технология компаниялары бұрын болмаған жаңа шешімдерді табуға ден қойып жатыр», – дейді қаржыгер.

 

Маманның айтуынша, трендтерді ұстанған кезде қаржылық технология, біріншіден, біршама инерциялы және кез келген жағдайдағы өзгерістерге әрқашан ілесе алмайтынын ескеру қажет екенін алға тартты. Екіншіден, трендтерге әрқашан бизнес тұрғысынан қарау керек.


Айта кетейік, Ult.kz порталы «осы саладағы трендтер қандай болмақ?», «жасанды интеллектті іс жүзінде қолдану саланы өзгерте ме?» деген сияқты өзекті сұрақтардың жауабын іздеп көрген болатын. Белгілі болғанындай, өткен жылы қазақстандық банктер монолитті жүйелерден микросервистерге көшіп, мобильді қосымшаларды жақсартуға белсенді инвестиция салды. Маңызды оқиға шағын және орта бизнеске арналған цифрлық банктің іске қосылуы болса, банктер физикалық филиалдарының санын қысқарта отырып, цифрлық жүйеге белсенді түрде көшуді бастады.