09 нау, 2026 сағат 14:08

Қазақконцертте «Сүйікті жандар үшін...» атты классикалық музыка кеші өтті


Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік академиялық концерттік ұйымында «FORTE TRIO» мемлекеттік триосының «Сүйікті жандар үшін...» атты классикалық музыка кеші өтті, деп хабарлайды Ult.kz.

Концерттік бағдарламада қазақ және әлемдік классиканың таңдаулы туындылары, тебірентер ариялар мен сүйікті романстар орындалды. Атап айтқанда, «Назқоңыр», «Ақ қурай», «Маритана», «Гимн любви», «Вальс», «Mamma», «Вuongiorno a te» және т.б. 


Іс-шараға Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Медет Чотабаев (тенор) және «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты Азат Мәлік (баритон) қатысты.



Фотолар: «Қазақконцерт» баспасөз қызметінен