30 қаз, 2019 сағат 08:53

«7-20-25»: 20 мың адам өтініш берді

«7-20-25» бағдарламасы шеңберінде қарыз беруге 20 137 өтінім қабылданды, – деп хабарлайды «Ұлт ақпарат» Ұлттық банкке сілтеме жасап.

 «7-20-25» бағдарламасын іске асыру шеңберінде 2019 жылғы 24 қазандағы жағдай бойынша қарыз алуға 227,2 млрд теңге сомасына 20 137 өтінім қабылданды. Нәтижесінде 136,2 млрд теңге сомасына қарыз беруге 11 934 өтінім мақұлданды» делінген хабарламада.

Айта кетсек, ипотекалық ұйымның ресми интернет-ресурсында сілтемесі бойынша қосымша ақпаратпен таныса аласыздар.