28 мау, 2019 сағат 09:00

Air Astana ұшағы сыр беріп, Мәскеуге қонды

Қазақстандық Air Astana әуе компаниясының ұшағы мәскеулік Шереметьево әуежайына шұғыл қонуға мәжбүр болды, – деп хабарлайды Air Astana әуе компаниясының баспасөз қызметі.

Шұғыл қонуға ұшақтың бір генераторы істен шыққаны себеп болған.

«27 маусым күні КС 942 рейсімен ұшқан Air Astana әуе компаниясы ұшағы Лондон-Нұр-Сұлтан бағытымен шыққан болатын.  Ұшақ Мәскеу уақытымен сағат 00:18-де Шереметьево әуежайына қонуға мәжбүр болды. Ұшақ штаттық режимге сай қонды» делінген хабарламада.

Әуе компаниясындағылар қазір ақауды жою жұмыстары жүріп жатқанын айтты. 93 жолаушы Мәскеу уақыты бойынша сағат 09:50-дегі қосымша рейспен (Нұр-Сұлтан қаласы бойынша сағат 12:50) Нұр-Сұлтан қаласына ұшады.