17 нау, 2026 сағат 11:08

Тарих жасаған чемпион: Ербол Хамитовке Астанадан пәтер сыйланды

Фото: telegram/Turizm_jane_sport_ministrligi

Қазақстанға Паралимпиада ойындарында тарихи жетістік сыйлаған Ербол Хамитов елге оралды. Чемпионды әуежайда жанкүйерлер ерекше ықыласпен, зор қошеметпен қарсы алды, деп хабарлайды Ult.kz.

Салтанатты іс-шара барысында спортшыға Астана қаласынан екі бөлмелі пәтер табысталды. Бұл — оның ел намысын абыроймен қорғаған еңбегіне көрсетілген құрметтің айқын көрінісі.

Өз кезегінде Ербол Хамитов барша жанкүйерлерге және қазақстандықтарға шынайы алғысын білдірді.

Айта кетейік, XIV Қысқы Паралимпиада ойындарында Ербол Хамитов биатлоннан алтын медаль жеңіп алып, Қазақстан тарихына енді. Сонымен қатар, ол жарыстың алғашқы күнінде 1500 метрлік классикалық спринтте қола жүлдені де қанжығасына байлады.