17 нау, 2026 сағат 11:00

Наурыз мейрамында қазақстандықтар қанша күн демалады?


Фото: Gov.kz

Наурыз мейрамында қазақстандықтардың  қанша күн демалатыны белгілі болды, деп хабарлайды Ult.kz.


Наурыз мейрамы дәстүрлі түрде 21–23 наурыз аралығында атап өтіледі. 2026 жылы бұл күндер:


21 наурыз — сенбі;
22 наурыз — жексенбі;
23 наурыз — дүйсенбі.


Мерекелік күндердің бір бөлігі демалыс күндеріне сәйкес келгендіктен, қосымша демалыс 24 және 25 наурызға ауыстырылады.

Демалыс кестесі:


бес күндік жұмыс аптасында: 21–25 наурыз аралығы — қатарынан бес күн демалыс (сенбі–сәрсенбі);
алты күндік жұмыс аптасында: 21–24 наурыз — демалыс күндері, 25 наурыз — жұмыс күні.