07 сәу, 2021 сағат 10:56

Әкімдіктер елді мекендер аумағынан 27 млн текше метр қар шығарды - ТЖМ

Биыл жегілікті әкімдіктер елді мекендер аумағынан 27,2 млн текше метр қар шығарған, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты төтенше жағдайлардың алдын алу департаментінің бастығы Рустамбек Әмрин елімізде су тасқындарының алдын алу бойынша атқарылып жатқан шаралар туралы мәлімет берді. 

«Әкімдіктер 27,2 млн текше метрден қар астам қар шығарды. Бұл жұмыс әлі жалғасуда. Сонымен қатар, мұз кептелісі тұрақты болатын учаскелерде арналарда мұзды қопсыту және ұсақтау жұмыстары жүргізілді. Алдын ала жарылыс жұмыстары жүргізілуде. Мәселен, өзендердегі мұз кептелістерінің алдын алу мақсатында Ақмола, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан облыстарында жарылыс жұмыстары жүргізілді. Барлығы 119 жарылыс жұмыстары жүргізілді, оның барысында 18 тоннадан астам жарылғыш заттар жұмсалды», - деді ТЖМ өкілі.