
Ақмола облысының Зеренді ауданында ер адам 6 жасар қызымен бірге суретке түспек болған кезде Үлгілі сарқырамасына құлап кетті. Абырой болғанда екеуі де зардап шекпеген, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Kokshetauasia Instagram парақшасында Ақмола облысының Зеренді ауданындағы Үлгілі сарқырамасына ер адамның қызымен бірген құлағандағы бейнекөрінісі жарияланды.
Жарияланымнан мәлім болғанындай, видео алдымен @eto_kokshetau_det тобынан тараған.
Зеренді ауданы әкімдігінің хабарлауынша, суға құлағандар Көкшетау қаласының тұрғындары болып шықты. Ер адам 6 жасар қызымен бірге сарқыраманың жанында суретке түспек болғанда абайсызда суға құлап кеткен. Олардың жаға шығуына куәгерлер көмектескен.
«Кеше 17 сәуір күні, сағат 16-35-те Зеренді аудандық ауруханасына жеңіл жарақаттарымен Көкшетау қаласында тұратын 2015 жылы туған бала түсті. Оны дәрігерлер тексеріп шығып, қажетті ем-дом жасаған. Аруханаға жатқызуға ешқандай негіз жоқ болғандықтан бала үйіне жіберілді», - делінген ведомство хабарламасында.
